САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен Достық елді мекеніндегі тазалық жұмыстарына Сарыағаш ауданы әкімдігі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, жалпы 3 арнайы техника, 20 қызметкер жұмылдырылып, бірқатар жұмыстар атқарылды. Ендігі кезекте Сарыағаш ауданына бекітілген Жаңатұрмыс елді мекеніндегі тазалық жұмыстары қарқын алуда. Атқарылып жатқан жұмыстар күнделікті аудан әкімі М.Отаршиевтің тікелей бақылауымен жүргізілуде.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі