САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Сыбайлас жемқорлық – экономикалық дамуды тежеп, билік пен бұқара арасындағы сенімді жоғалтатын әлеуметтік құбылыс. Оның қоғамда белең алуы кез-келген мемлекеттің бәсекелестік қабілетін төмендетіп, ел болашағының жарқын болуына кері әсерін тигізеді. Осы орайда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын насихаттау және азаматтарды жедел қабылдау мақсатында бүгін Сарыағаш ауданында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің бас маманы Төлегенқызы Гүлмира және Түркістан-Адалдық алаңы Жобалық кеңсе менеджері Тұңғышбаев Ерұлан Икрамұлы болып,  жалпы аудандағы 14 мекеме активімен кездесті. Сондай-ақ аудандық дін өкілдері де аталған кездесуге қатысып, аталған қылмыс орын алған жағдайда діни тұрғыдан да аса ауыр күнәлардың қатарына кіретіні жайлы насихатталды.

Кездесу барысында пара алу, беру, сондай-ақ делдалдық ету қылмыс екендігі жайлы, мемлекеттік қызмет көрсетуде, оның ішінде құжат рәсімдеу кезінде заңсыз әрекеттерге баруға және сыйлық алуға болмайтындығын мысалдар келтіре отырып, адам бойындағы ізгі қасиеттер әділдік, сенім, парасаттылық құндылықтарын қазбалап, адал қоғам қалыптастырудың мемлекет алдындағы маңыздылығын түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Сонымен қатар агенттіктің «Бренбук» кітапшалары жиынға қатысқан азаматтарға таратылды. Шара соңында қызметкерлер тарапынан қойылған сауалдарға заң аясында жауап беріліп, тиісті ақпараттар ұсынылды.

(с) Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі