САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТАЛҚЫЛАУ ЖИЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін аудан әкімі аппаратында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы Е.Жүнісовтың 31.05.2019 жылғы№17/11-2-493 санды ұсынысы бойынша талқылау жиыны өткізілді.

Күн тәртібінде қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою мәселесі қаралды.

Жиынға төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары С.Тасқұлов күн тәртібіндегі меселемен және ұсыныспен таныстырып, сөзді негізгі баяндамашы ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Талиповқа берді.

Бөлім басшысы Н.Талипов өзінің баяндамасында бөлімде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және алдағы уақытта болдырмау бағытында атқарып жатқан іс-шараларға тоқталды.

Жиынға Басқарма басшысы Жүнісов Ержан Әліұлы, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлері, ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Талипов пен осы бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері, ауданның дербес бөлімдерінің басшылары мен қала, кент және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Жиын қорытындысымен ауданның дербес бөлімдерінің басшылары мен қала, кент және ауылдық округтердің әкімдеріне бірқатар тапсырамалар берілді.

(с) Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі