САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС КҮНІНЕ ОРАЙ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Аудан әкімінің хаттамалық тапсырмасына  сәйкес Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай №6 «Ж.Аймауытов» атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «9 -желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың  мақсаты ар-ұят, жауапкершілік, адалдық пен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу. Патриотизм, отан үшін мақтаныш, қоғамдық тәртіпке құрмет. Осы жас тобындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеті құқықтық сананы қалыптастыру.

  Семинарға Сарыағаш қаласындағы мектептердің директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Семинарда эссе көрмесі, суреттер көрмесі, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» туралы бейне роликтер қойылды.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі