САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

📑Бүгінде құжаттың заңды маңыздылығын растау үшін оған апостиль қою қажет. Сот құжаттарында апостильдің болуы оның Гаага конвенциясына қатысушы елдердің ресми мекемелерінде жарамдылығын растайды.
📌Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостильді ҚР Жоғарғы сотының аппараты, облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аймақтық органдар қоя алады.
💻Заңды және жеке тұлғалар бұл қызметті алу үшін egov.kz порталын қолдана алады:
✅ Порталда авторизациядан өтіп, қызметке онлайн тапсырыс беріңіз
✅ Электронды өтінішті толтырыңыз
✅ Әр апостильденетін құжатқа 0,5 АЕК көлемінде баж төлеңіз
✅ Апостильденуі қажет құжаттың скан-көшірмесін жүктеңіз
✅ ЭЦҚ-мен қол қойғаннан кейін жауап бір күн ішінде келеді
✅ Жеке кабинетіңізге оң жауап келген жағдайда, сот органдарына апостильді бірден қойғызуға жүгіне аласыз.