САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ

Сарыағаш қаласын көрікті қалаға айландыру мақсатында сенбілік жұмыстары жүргізілді. Қала тазалығын жақсарту мақсатында ұйымдастырылған бұл сенбілікке қалада орналасқан мекеме қызметкерлері және қала халқы белсене қатысты.
Тазалық – саулық, кепілі. Осы орайда қызметкерлер бір кісідей білек сыбана кірісіп, жұмыс атқарды. Сенбілік барысында қоқыстар тазартылып, жол жиегіндегі бағана мен ағаш түптерін ақтап тазалау жұмыстарын атқарды. Атқарылған сенбіліктер алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі