САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ.

Бүгін, Сарыағаш ауданы әкімдігінің мәжіліс залында, ҚР «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша қала, кент және ауылдық округі әкімдеріне және шаруа қожалықтардың өкілдеріне түсіндіру мақсатында, Түркістан облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес жиналысы өткізілді.
Жиынның күн тәртібінде ҚР «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына енгізілген өзгерістер туралы мәселе енгізіліп, қаралды. Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары С.Тасқұлов, өткізіліп отырған семинар-кеңестің күн тәртібімен және семинар-кеңесті өткізуге қатысып отырған Түркістан облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Е.Бейсебаевты, көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы А.Мырзабаевты семинар-кеңеске қатысушылармен таныстырып өтті. Сөз кезегінде А.Мырзабаев «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша баяндама жасады. Қолданысқа енгілген Заңға сәйкес, жаңадан күшіне енген баптарға қысқаша тоқталып өтті.
Мәжіліс барысында қатысушылардың сұрақтары мен ұсыныстары тыңдалды. Облыстық полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Е.Бейсебаев қойылған сұрақтарға заң аясында толыққанды жауаптарын берді.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі