САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жаңа COVID-19 вирусынан тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында төтенше жағдай жарияланды.
Қазіргі таңда Сарыағаш ауданы әкімдігі тарапынан аудан аумағында инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша барлық қажетті медициналық, профилактикалық және ұйымдастыру шараларын қабылдауда.
Аудан халқының арасында COVID-19 коронавирустық жұқпасының таралуын алдын алу мақсатында аудан әкімінің өкімімен жұмысшы топ құрылған болатын.
Ауданда құрылған жұмысшы топтың мүшелері аудан орталығындағы мейрамхана, монша, дүкендер мен кафелерді, ойын-сауық орындарын аралап, олардың егелеріне төтенше жағдайға байланысты аудан аумағында сақтық шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мейрамханалар мен кафелерді түнгі сағат 22.00-ден бастап жабу қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, ауданда құрылған жұмысшы топтың басқа мүшелері ауылдық округтердегі барлық нысандарды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі