САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Сарығаш ауданының білім бөлімі «№39 Т.Айбергенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» мен «№76 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде бос тұрған мектеп директорлары лауазымдарына КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.

Конкурс өткізу мерзімі: Сарыағаш ауданының білім бөлімі осы хабарландыруды жариялағаннан кейін «№39 Т.Айбергенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» мен «№76 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде бос тұрған мектеп директорлары лауазымдарына 7 /жеті/ жұмыс күні өткен соң белгілейді.

Конкурс өткізілетін орын: Сарыағаш қаласы, Уманов көшесі №10. Сарыағаш ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесі.

Мекемелердің мекен-жайлары:

  1. «№39 Т.Айбергенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Құркелес ауылдық округі Құркелес ауылы Ақ бура Ата көшесіндегі №30 үй. /Байланыс телефоны 5-51-89, эл почтасы – / m39-aybergenov@mail.ru/;
  2. «№76 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылдық округі, Дербісек аулындағы Рахметов көшесі №107 үй. /Байланыс телефоны 7-41-40, эл почтасы –             m142-142om@mail.ru /;  

Лауазымдық жалақы мөлшері: Еңбек сіңірген жылдарына және мекемелердің ауылдық немесе қалалық жерлерде орналасқан жерлеріне байланысты «№39 Т.Айбергенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» мен «№76 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде бос тұрған мектеп директорлары лауазымдарына 90715 теңгеден 134983 теңгеге дейін.

Мектеп директорының міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да  нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығы лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін /жеке, мүліктік, баспаналық, еңбек және басқа да/ қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай отырып, оларға жағдай жасайды. Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды асырап бағу үшін белгіленген мөлшерден кем емес жағдаймен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың /тәрбиеленушілердің/ және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Оқушыларды қорғау және олардың денсаулығын нығайту мақсатында тамақтану және медициналық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастырады және оған  бақылау жүргізеді. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына басшылық етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

Мекеме басшылары білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан  айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк  әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»,  «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және  басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді;  педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.

    Конкурсқа қатысушы үміткерлердің біліктілігіне қойылатын талаптар:

  1. жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімнің болуы /педагогикалық немесе бейіні бойынша/;
  2. жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес білім беру ұйымдарына немесе ұйымдарды басқарушылық қызметте жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы;
  3. бірінші, жоғары, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші немесе шебер педагог біліктілік санаттарының болуы;
  4. үш жылдан кем емес педагогикалық салада әкімшілік жұмыс тәжірибесінің болуы немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес білім беру білім беру ұйымдарында немесе ұйымдарда басқарушылық қызметте жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы;
  5. облыстық білім басқармасының кандидатура бойынша келісімінің болуы;
  6. сотталмаған болуы тиіс.

 Конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттар тапсырылады:

  1. конкурстық комиссия төрағасы атына тұрғылықты тіркеу орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсетумен қоса өтініш;
  2. мемлекеттік және орыс тілінде түйіндеме;
  3. еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  4. нотариалды куәландырылған жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі;
  5. нотариалды куәландырылған білім туралы құжат көшірмесі /Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері /;
  6. нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;
  7. бұрынғы жұмыс орны кадр қызметі куәландырған фотомен кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
  8. Т-2 нысандағы жеке карточка;
  9. бар жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
  10. нотариалды куәландырылған бар біліктілік санат немесе ғылыми дәрежесі туралы құжат көшірмесі;
  11. медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат /денсаулық  жағдайы жөнінде анықтама ф-86/;
  12. сотты болмағандығы туралы анықтама;
  13. Тесттен өткендігі туралы анықтама /бар болған жағдайда/;
  14. Үміткердің даму жоспары.

Аталған құжаттардың бірінің болмауы кандидатты Конкурсқа қатыстырмауға негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысуға кандидат комиссия қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зеттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін қорытындылау, наградалары туралы қандайда болмасын деректі расталған ақпаратты ұсынуға құқылы.

Құжаттар мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: Сарыағаш қаласы, Уманов көшесі №10 үй. Сарыағаш ауданының білім бөлімі. Анықтама сымтетігі: 2-14-93, 2-32-81.

Құжаттарды қабылдау хабарландыруТүркістан облыстық ақпараттық апталық «Сәтті» газетіне ресми жарияланған күннен бастап «№39 Т.Айбергенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» мен «№76 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде бос тұрған мектеп директорлары лауазымдарына 7 /жеті/ жұмыс күні өткен соң тоқтатылады.

Ескерту: Тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Сарыағаш ауданының білім бөлімі