САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

САРЫАҒАШ: 2019 ЖЫЛЫ АУДАНДА ЖАЛПЫ ЖЫЛЫЖАЙ КӨЛЕМІ 664,6 ГЕКТАРҒА ЖЕТТІ

Кәсіпкерлік саласында ауданда 2019 жылы өнеркәсіп кәсіпорындарынан 27,0 млрд.теңге өнім өндірілді. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 38,6 млрд.теңге, немесе алдыңғы жылмен салыстырғанда 172,1 % құрады. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жалпы құны 330,0 млн.теңгені құрайтын 84 жоба қолдау алды. Жалпы құны 10,0 млн.теңгені құрайтын 4 жоба грантық қаржыландырылды. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша ауданда 2019 жылы жалпы өнім көлемі 66 млрд.705 млн.теңгеге жоспарланып, жыл қорытындысымен 77 млрд 111 млн.теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 109,1 пайызды құрады. 2019 жылы егістік жердің игерілуі 2394 гектарға артқан немесе 65594 га егістік жер игерілді.
Сонымен қатар, 2 млрд.220 млн.тг ауыл шаруашылығының негізгі капиталына және 107,3 млн.тг тамақ өнімдері өндірісіне инвестициялар тартылды. Ауданымызда 2019 жылы 58,4 га жерге жылыжай салынып, жалпы жылыжай көлемі 664,6 га жетті. Атап айтқанда ауданымызда іске қосылған жылыжайлардың 659,6 гектары фермерлік және 5 гектарға өндірістік жылыжай кешендері құрайды. Осы аталған 664,6 гектар жылыжайлардан өткен жылы 131911 тонна өнім алынды. Оның 107993 тоннасы қызан, 23918 тонна қияр өнімі. «Сарыағаш ауданы су шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына бекітілген 189,6 млн текше метр су лимиті аясында ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші тұлғаларға қажетті ағын су жеткізіліп берілді. Суармалы жерлерді қайта айналымға қосу және мелиоративтік жағдайын жақсарту мақсатында бюджеттен 1,2 млрд.теңге қаржы бөлінді.
Бөлінген қаржы есебінен 3 каналға күрделі жөндеу, 8 канал мен 2 қашыртқыға ағымдағы жөндеу жұмыстары қарастырылған, Бұл ретте, 12,0 шақырым канал бетондалып, 80 шақырым су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі