САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Сарыағаш қаласы әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

Сарыағаш қаласы                                                    «__»______2019 жыл

         Сарыағаш ауданы әкімінің 06.11.2019 жылғы №94 «Сарыағаш қаласы әкімі аппараты қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» шешімі негізінде құрылған жұмысшы топ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Сарыағаш қаласы әкімі аппаратының (бұдан әрі – Аппарат) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

         Аппарат қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі 2018 жылдың ІV тоқсаны мен 2019 жылдың І, ІІ, III тоқсаны аралығын қамтиды.

         Аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің штат саны 2019 жылдың                  11 қарашасына – 16 бірлікті, келісім шарт негізінде қабылданатын штат бірліктерінің саны – 15 бірлікті құрайды. Бос тұрған лауазым жоқ.

Аудан әкімдігінің 13.05.2019 жылғы №190 қаулысымен аппаратқа 1 штат бірлік келісім-шарт негізіндегі статистик, 1 штат бірлік келісім-шарт негізіндегі инспектор берілген.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кезеңінде Сарыағаш қаласы әкімінің (бұдан әрі – қала әкімі)  24.07.2019 жылғы №58 өкімімен Ордабекова Айдана Берікқызы 24.07.2019 жылдан бастап, аппараттың келісім-шарт негізіндегі статистик қызметіне қабылданған.

Қала әкімінің 26.07.2019 жылғы №59 өкімімен Маменова Айдынгул Мусаевна 26.07.2019 жылдан бастап аппараттың келісім-шарт негізіндегі инспектор қызметіне қабылданған.

Алайда, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28 бабының 2 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік сайланбалы қызметтердің, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан Республикасы судьяларының, әскери қызметте тұрған адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары жұмыскерлерінің бос лауазымдарын қоспағанда, бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы жiберуге міндетті делінген талабы сақталынбаған. Бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап емес, бос жұмыс орны пайда болғаннан кейін, 2 ай 10 күнге кешіктіріп  жұмыспен қамту орталығына жіберілген.

«Аудан әкімі аппараты мен қала, кент, ауылдық округтері әкімдері аппараттары және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штаттық құрылымын бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2018 жылғы 10 тамыздағы №341 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» аудан әкімдігінің                 2019 жылғы 17 қаңтардағы №22 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 46, 52-баптарына сәйкес аппараттың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ескерту хат берілген. Алайда, ескерту хаттарға қала әкімі қол қоймаған, тіркеу нөмірі берілмеген және күні жазылмаған.

Қала әкімінің 27.08.2019 жылғы №69 «Қала әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерін көтермелеу туралы» өкімімен үнемделген қаржы есебінен аппарат қызметшілері ақшалай сыйлықпен марапатталған.

 Алайда, аудан әкімі аппаратының басшысы М.Доспуловтың 26.08.2019 жылғы №3228 хатымен жолданған (аппаратта 27.08.2019 жылы №710 кіріс нөмірмен тіркелгеніне қарамастан) облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Қ.Төлендиевтің 20.08.2019 жылғы №01-1224 Қ/Х қызметтік хаты негізінде қала әкімінің 02.09.2019 жылғы №03 өкімімен қала әкімінің орынбасары Х.Джаутургаевқа «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. Яғни, қала әкімінің 27.08.2019 жылы қала әкімінің орынбасары Х.Джаутургаевқа тәртіптік жаза қолдануына мүмкіндігі болғанына қарамастан, тәртіптік жаза қолдануды кейінге шегеріп, қала әкімінің орынбасарының ақшалай сыйлықпен марапатталуына мүмкіндік жасаған.

Қала әкімінің 03.01.2019 жылғы №1 өкімімен аппараттың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берудің кезекшілік кестесі (бұдан әрі – Кесте) бекітілген.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 54-бабы 1 тармағында жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу оның басталуына күнтізбелік үш күн қалғаннан кешіктірілмей, ал еңбек демалысы графиктен тыс берілген жағдайда – берілген күнінен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүргізілетіні көрсетілген. Алайда, аппарат қызметкерлерінің еңбек демалысына ақы төлеу Заң талаптарына сәйкес жүргізілмеген. Атап айтқанда, кестеге сәйкес қала әкімінің 21.01.2019 жылғы №06 өкімімен аппараттың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімшесінің басшысы Б.Тунгушбаевқа 21.01.2019 жылдан бастап жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілгеніне қарамастан, 11.02.2019 жылы                   23 күнтізбелік күнге кешіктіріліп еңбек демалысына ақы төленген. Дәл осы тектес Заң бұзушылықтар аппараттың бас маман заңгері С.Шахирбаевтың, қала әкімінің кеңесшісі А.Ильясовтың, аппараттың жастар ісі бойынша бас маманы Ш.Зиябековтың  жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына ақы төлеуде орын алған.

Облыс әкімдігінің 03.08.2018 жылғы №226 қаулысымен бекітілген Түркістан облысындағы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында аудан әкімдігінің 25.09.2018 жылғы №407 қаулысымен Сарыағаш ауданында жүзеге асыру жөнінде 2018-2020 жылдары атқарылуға тиіс аудан әкімдігінің іс-шаралар жоспары (әрі қарай – іс-шара жоспары) бекітілген.

         Іс-шара жоспары негізінен профилактикалық жұмыстардан  (конференция, дөңгелек үстел, семинар кеңес, брифингтер, акция, қоғамдық тыңдау, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу, мақала жариялау) тұрады.

         Іс-шара жоспарының Аппаратқа қатысты бөлігін орындау үшін іс-шаралар жоспары қала әкімінің шешімімен бекітілмеген.

          2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын Сарыағаш ауданында  жоспардың орындалуы бойынша 2018 жылдың IV тоқсанына  мәліметтер жинақталмаған.  Іс-шаралардың орындалуын дәлелдейтін құжаттар түгел емес. Тек қана, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық оқумен, сыртқы жарнамалармен ғана шектелген. Бекітілген іс-шаралардың қағаз жүзінде ғана жүріп, формальды сипат алып кеткендігін көрсетеді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарына қала әкімінің мақаласы жарияланбаған. Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл комиссиясының тоқсандық отырыстарында берілген хаттамалық тапсырмаларының орындалуы жөніндегі мәліметтер толық емес және сапасыз орындалған.

         Іс-шараға сай сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында «сенім» телефондары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланбаған.

2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын Сарыағаш ауданында  жоспардың орындалуы бойынша 2019 жылдың І тоқсанына мәліметтер жинақталмаған. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарына қала әкімінің мақаласы жарияланбаған. Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл комиссиясының тоқсандық отырыстарында берілген хаттамалық тапсырмаларының орындалуы жөніндегі мәліметтер жинақталмаған.

         Іс-шараға сай сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында «сенім» телефондары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланбаған.

Аппаратқа келіп түскен арыздарға талдау жүргізу барысында төмендегі кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда:

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 147 бұйрығымен бекітілген  «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу туралы» Қағидасының 2-ші тармағында:

«Кез келген келіп түскен өтініш өтініштің мазмұны бойынша қысқаша деректерді өтінішті есепке алу карточкасында немесе ведомстволық ақпараттық есепке алу нысанында бекіту және тіркеу нөмірін тағайындау арқылы тіркелуі тиіс.

 Өтініштің тіркеу нөмірі автоматты түрде толассыз тәртіпте беріледі.

 Жеке тұлға өтінішінің тіркеу нөмірі «ЖТ» әріптік индексінен, автор тегінің бірінші әрпінен және өтінішті есепке алу карточкасындағы реттік нөмірден тұрады.

 Заңды тұлға өтінішінің тіркеу нөмірі «ЗТ» әріптік индексінен, өтінішке қол қойған лауазымды тұлға тегінің алғашқы әріпінен және өтінішті есепке алу карточкасындағы реттік нөмірден тұрады.

Жасырын өтініштің тіркеу нөмірі «АНМ» әріптік индексінен және өтінішті есепке алу карточкасындағы реттік нөмірден тұрады.

Ұжымдық өтініштің тіркеу нөмірі «ҰҚ» әріптік индексінен және өтінішті есепке алу карточкасындағы реттік нөмірден тұрады»- деп нақты көрсетілген.

Ал, аппараттың арыз – шағымдарды тіркеуге жауапты қызметкері  ұжымдық өтініштерді  «ҰҚ» деп тіркелместен 05.10.2018ж №Ұж/У-734,  23.01.2019ж №ЖТ/Ө-76, 25.01.2019ж №ЖТ/Х-80, 01.03.2019ж  №ЖТ/М-142, 18.03.2019ж №ЖТ/А-190, 02.04.2019ж №ЖТ/Б-227, 03.04.2019ж №ЖТ/А-381, 11.04.2019ж №ЖТ/А-256, 30.04.2019ж №ЖТ/К-295, 02.05.2019ж №274, 06.06.2019ж №ЖТ-/Қ-393, 11.06.2019 ж №ҰЖ/Е-410, 15.07.2019ж №ҰЖ/Е-508, 18.07.2019ж №ЖТ/И- 523, 21.08.2019ж №ЖТ/Б-598, 26.08.2019ж №ҰЖ-К-606,  05.09.2019ж №ҰЖ/К-632, 11.09.2019ж №ҰЖ/О-644, 16.09.2019ж №ЖТ/О-670, 16.09.2019ж №ЖТ-Қ-672  деп,   жалпы 20 өтінішті  қате тіркеген.

Мемлекеттiк органдарда қызметтiк құжаттардың қаралуы мен өтуi туралы 12-баптың 4- тарамағында  Құжаттарға мемлекеттiк органның атынан оның басшысы, оны ауыстыратын адам (осы органда белгiленген қызметтiк мiндеттердi бөлуге сәйкес) не осы органның өзге уәкiлеттi лауазымды адамы қол қояды деп көрсетілгеніне қарамастан 19.03.2019ж №ЖТ/Р-143 өтініштің жауабына қала әкімі және оның орынбасары қол қоймаса да тіркеу номері мен күні, айы жылы қойылып берілген.

Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Заңының 7-бап  6- тармағында көрсетілген өтiнiште қойылған мәселелердi шешу құзыретiне кiрмейтiн субъектiге немесе лауазымды адамға келiп түскен өтiнiш субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тиiстi субъектiлерге жiберiледi, бұл туралы өтініш берушiге хабарланады делінген.

Алайда,  аппарат қызметкерлері тарапынан өтiнiште қойылған мәселелердi шешу өзінің құзіретіне кірмейтін өтініштерді тиісті мекемеге жолдамай,   өздері  03.06.2019 ж №ЖТ-/Н-379, 11.06.2019 ж №ЖТ/Ш-412 өтініштеріне немқұрайлы  қарап жауап жолдаған.

Өтініштердің қарау мерзімдері заңға сәйкес қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады делінген. 

         Дегенмен, аппарат  қызметкерлері тарапынан қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу  не жергiлiктi жерге барып тексерулер  жүргізбеген  өтініштер бойынша жоғарыда аталған,  заңда көрсетілген  мерзімін  сақтамай 05.10.2018ж №Ұж/У-734 өтінішін 14 күнге, 05.12.2018ж №ЖТ/В-914 өтінішін 10 күнге,   №19.12.2018ж №ЖТ/Х-975 өтінішін 74 күнге, 09.01.2019ж №ЖТ/Т-10 өтінішін 1 күнге, 23.01.2019ж №ЖТ/Ө-76 өтінішін 28.01.2019ж №ҰҚ -58 өтінішін 15 күнге, 11.02.2019ж № 151, 05.03.2019ж №ЖТ/У-152 өтінішті 1 күнге 18.03.2019ж №ЖТ-/А-190 өтінішін 3 күнге,   26.03.2019ж №ЖТ/Қ-206  өтінішін  7  күнге,  27.03.2019ж №Ж/А-211 өтінішін  6 күнге, 27.03.2019ж №ЖТ/Д-214 өтінішін 8 күнге, 05.04.2019ж №ЖТ/Т-337 өтінішін 11 күнге, 28.05.2019ж №ЖТ/К-366 өтінішін  9 күнге, 15.07.2019ж №ЖТ/Ш-510 өтінішін 16 күнге, 18.07.2019ж №ЖТ/Ш-524 өтінішін 11 күнге, 24.07.2019 ж №ЖТ/А-555 өтінішін 13 күнге, ЗТ/Ж-629 өтінішін 14 күнге кешіктіріп, жалпы 16 өтініштердің орындау мерзімдерін бұзған.

Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Заңының 10-бап 1- тармағында көрсетілген    өтiнiштерге берiлетiн жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде болуға, арыз берушiнiң қабылданған шешiмге шағым жасау құқықтарын түсiндiре отырып, оның дәлелiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректердi қамтуға тиiс делінген. 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Заңының 10-бап 1- тармағында көрсетілген өтiнiштерге берiлетiн жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде болуға, арыз берушiнiң қабылданған шешiмге шағым жасау құқықтарын түсiндiре отырып, оның дәлелiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректердi қамтуға тиiс. 

Дегенмен, аппаратқа тіркелген 21.11.2018ж №ЖТ/А-892, 26.02.2019ж №ЖТ/Н-137, 09.04.2019ж №Ж/Б-240, 12.06.2019ж №ЖТ/Б-421, 13.06.2019ж №ЖТ/С-420, 04.09.2019ж №ЗТ/Ж-629 өтініштері бойынша қабылданған шешiмге шағым жасау құқықтарын түсіндірмей жауаптары  жолданғаны анықталды.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің жауаптарын заң талаптарына сәйкес 1 күн ішінде арыз-шағым жазған азаматқа пошта байланысы жолдану керек. Дегенмен, қала әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері заң талаптарын сақтамаған.

Қала әкімі С.Сулейменованың 2019 жылғы жеке құрам бойынша өкімдерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңінде:

1. Қала әкімінің 15.01.2019 жылғы №05 өкімімен аппараттың бас маман заңгері Шахирбаев Самат Кенесович 2019 жылдың 15-16 қаңтары аралығында                  (2 күндік мерзімге) жауапкер А.Каттабекова бойынша қаралатын азаматтық процеске аудан әкімі аппаратының сенімді өкілі ретінде ҚР Жоғарғы сотының 16.01.2019 жылы сағат 14.30-ға тағайындалған сот отырысына бейнеконференция байланысы арқылы қатысу үшін Түркістан облыстық сотына іссапарға жолданған.

Кемшілік:Яғни 1 күнге ғана іссапарға баруы тиіс бола тұра 2 күнге іссапарға жолданған.

Осындай мағыналас кемшіліктер: 16.06.2019 жылғы №49 өкімімен аппаратың бас маман заңгері Шахирбаев Самат Кенесович 2019 жылдың 16-17 маусымы аралығында (2 күндік мерзімге) жауапкер А.Каттабекова бойынша қаралатын азаматтық процеске мүдделі тарап ретінде қатысу үшін 17.06.2019 жылы сағат 11.15-ке тағайындалған сот отырысына жолданған.

25.06.2019 жылғы №52 өкімімен аппараттың бас маман заңгері Шахирбаев Самат Кенесович 2019 жылдың 25-26 маусымы аралығында (2 күндік мерзімге) жауапкер А.Каттабекова бойынша қаралатын азаматтық процеске мүдделі тарап ретінде қатысу үшін сотқа шақыру қағазы бойынша сот отырысы 26.06.2019 жылы сағат 15.00-ге тағайындалған.

Кемшілік:Яғни, 1 күнге ғана іссапарға баруы тиіс бола тұра 2 күнге іссапарға жолданған.

Қала әкімінің 22.01.2019 жылғы №09 өкімімен аппараттың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімшесінің бас маманы Хайруллаұлы Дамир Түркістан облысы ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасына тәжірибе арттыру мақсатында 2019 жылдың 22-25 қаңтары аралығында (4 күндік мерзімге);

Қала әкімінің 25.01.2019 жылғы №09-1 өкімімен аппараттың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімшесінің бас маманы Хайруллаұлы Дамир Ақмола облысы Ақкөл ауданы орталығына 2019 жылдың 28 қаңтары мен 02 ақпаны аралығында (6 күндік мерзімге);

Қала әкімінің 04.02.2019 жылғы №09-2 өкімімен аппараттың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімшесінің бас маманы Хайруллаұлы Дамир Түркістан қаласына тәжірибе арттыру мақсатында 2019 жылдың 04-15 ақпаны аралығында (12 күндік мерзімге);

Қала әкімінің 18.02.2019 жылғы №15 өкімімен аппараттың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімшесінің бас маманы Хайруллаұлы Дамир Түркістан қаласына тәжірибе арттыру мақсатында 2019 жылдың 18-22 ақпаны аралығында (5 күндік мерзімге);

Қала әкімінің 25.02.2019 жылғы №17 өкімімен аппараттың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімшесінің бас маманы Хайруллаұлы Дамир Түркістан қаласына тәжірибе арттыру мақсатында 2019 жылдың 25-28 ақпаны аралығында (4 күндік мерзімге);

Қала әкімінің 04.03.2019 жылғы №17-1 өкімімен аппараттың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімшесінің бас маманы Хайруллаұлы Дамир Түркістан қаласына тәжірибе арттыру мақсатында 2019 жылдың 04-05 наурызы аралығында (2 күндік мерзімге);

Жоғарыдағы көрсетілгеніссапарларға жолдану үшін негіз (хат, жоғарғы мекемеден өкім т.б) жоқ. Іссапарларға жолдануға қала әкімінің орынбасары М.Құраловтың бір мәтіндегі қызметтік хаттары ғана негіз болған.

Яғни, қала әкімінің өкімдерімен аппараттың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімшесінің бас маманы Хайруллаұлы Дамир 2019 жылдың қаңтары мен наурызы аралығында барлығы (33 күндік мерзімге) іссапарларға жолданған.

 Төмендегі заң талабы сақталмаған.

 «Мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысының (бұдан әрі – Қаулы)                            4 тармағына сәйкес, қызметкерлердің бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған ұйымдарға іссапары жолда жүру уақытын есептемегенде, 5 күннен аспауы тиіс. Іссапар мерзімін ұзартуға ерекше жағдайларда (көлік құралдарының болмауы немесе іссапардың шұғылдығы) осы ұйымның тиісті бұйрығын шығару жолымен 5 күннен асырмай рұқсат етілетіндігі көрсетілген.

         Қаулының 2 тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін іссапарға жіберу бағытын көрсете отырып, жол жүру шығыстары өтелетін көлік түрі көрсетілген бұйрықтың (өкімнің) негізінде мемлекеттік мекемелердің басшылары жүргізеді делінген.

          2. Қала әкімінің 19.03.2019 жылғы №28 өкімімен әлеуметтік мәселе бойынша бас маманы Жолдасов Аппазбек Минжасарович, келісім-шарт негізіндегі статист Алдабергенова Индира Мирзаахматқызы, келісім-шарт негізіндегі іс қағаздарын жүргізу жөніндегі инспектор Орынбаева Аселхан Құрманбекова, келісім-шарт негізіндегі басшының хатшысы Жамалова Балғын Хайруллақызы 2019 жылдың 21-22 наурыздағы мереке күндерінде жұмысқа тартылған.

Аппарат қызметкерлерінің тиісті келісімінсіз мереке күндері жұмысқа тартылған.

Төмендегі заң талабы сақталмаған.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек кодексінің 85 бабының 1 тармағына сәйкес, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа жұмыскердің және ауысымдық кесте (вахталар кестесі) бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлердің жазбаша келісімімен немесе оның өтініші бойынша жұмыс берушінің актісі негізінде жол беріледі делінген.

3. Қала әкімінің 27.03.2019 жылғы №29 өкімімен аппараттың бас маман заңгер Шахирбаев Самат Кенесович 2019 жылдың 27-28 наурызы аралығында                  (2 күндік мерзімге) жауапкер А.Каттабекова бойынша қаралатын азаматтық процеске мүдделі тарап ретінде қатысу үшін Түркістан қаласына 28.03.2019 жылы сағат 16.30-ға тағайындалған сот отырысына іссапарға жолданған.

         Кемшілік: Яғни 1 күнге ғана іссапарға баруы тиіс бола тұра 2 күнге іссапарға жолданған.

4. Қала әкімінің 03.04.2019 жылғы №32 өкімімен аппараттың бас маман заңгер Шахирбаев Самат Кенесович 2019 жылдың 03-04 сәуірі аралығында                  (2 күндік мерзімге) жауапкер А.Каттабекова бойынша қаралатын азаматтық процеске мүдделі тарап ретінде қатысу үшін 28.03.2019 жылы сағат 16.30-ға тағайындалған сот отырысына іссапарға жолданған.

Яғни, іссапарға бару туралы өкім мерзімінен 7 күн өтіп кеткеннен соң шығып, 2 күнге іссапарға жолданған. Бұл жерде іссапарға баруға негіздеме (хат, жоғарғы мекемеден өкім т.б) жоқтығы анықталып тұр.

Төмендегі заң талабы сақталмаған.

Қаулының 2 тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін іссапарға жіберу бағытын көрсете отырып, жол жүру шығыстары өтелетін көлік түрі көрсетілген бұйрықтың (өкімнің) негізінде мемлекеттік мекемелердің басшылары жүргізеді делінген.

Осындай мағыналас кемшіліктер:

Қала әкімінің 26.05.2019 жылғы №45 өкімімен аппараттың бас маман заңгері Шахирбаев Самат Кенесович 2019 жылдың 26-27 мамыры аралығында (2 күндік мерзімге) жауапкер А.Каттабекова бойынша қаралатын азаматтық процестің 20.05.2019 жылы сағат 11.00-де өткізілетін алдын-ала дайындығына мүдделі тарап ретінде қатысу үшін жолданған.

Яғни, іссапарға бару туралы өкім мерзімінен 6 күн өтіп кеткеннен соң шығып, 2 күнге іссапарға жолданған. Бұл жерде іссапарға баруға негіздеме (хат, жоғарғы мекемеден өкім т.б) жоқтығы анықталып тұр.

5. Қала әкімінің 23.09.2019 жылғы №74 өкімімен қала әкімінің орынбасары Куралов Марат Жумагалиевич және аппараттың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселе бойынша бас маманы Хайруллаұлы Дамир Түркістан қаласына 2019 жылдың 24 қыркүйегі мен 03 қазаны аралығында (10 күндік мерзімге) Сарыағаш қаласының 2020-2024 жылдарға арналған қалаларды дамыту мен салудың кешенді жоспарын Түркістан облыстық басқармаларымен келісімдеу жұмыстарын жүргізу және бекіту мақсатында іссапарға жолданған.

Бұл жерде іссапарға баруға негіздеме (хат, жоғарғы мекемеден өкім т.б) жоқтығы анықталып тұр.

Төмендегі заң талабы сақталмаған.

Қаулының 4 тармағына сәйкес, қызметкерлердің бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған ұйымдарға іссапары жолда жүру уақытын есептемегенде,                         5 күннен аспауы тиіс. Іссапар мерзімін ұзартуға ерекше жағдайларда (көлік құралдарының болмауы немесе іссапардың шұғылдығы) осы ұйымның тиісті бұйрығын шығару жолымен 5 күннен асырмай рұқсат етілетіндігі көрсетілген.

 Қаулының 2 тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін іссапарға жіберу бағытын көрсете отырып, жол жүру шығыстары өтелетін көлік түрі көрсетілген бұйрықтың (өкімнің) негізінде мемлекеттік мекемелердің басшылары жүргізеді делінген.

6. Қала әкімінің 02.10.2019 жылғы №77 өкімімен аппараттың бас маман заңгері Шахирбаев Самат Кенесович 2019 жылдың 02-04 қазаны аралығында             (3 күндік мерзімге) жауапкер А.Каттабекова бойынша қаралатын азаматтық процеске мүдделі тарап ретінде сотқа шақыру қағазы бойынша 03.10.2019 жылы сағат 11.30-ға және қосымша сотқа шақыру қағазы бойынша 04.10.2019 жылы сағат 15.00-ге тағайындалған сот отырыстарына қатысу үшін іссапарға жолданған.

Кемшілік: Яғни, 2 күнге ғана іссапарға баруы тиіс бола тұра 3 күнге іссапарға жолданған.

7. Қала әкімінің 03.11.2019 жылғы №80 өкімімен бас маман жер инспекторы Жолболдиев Самат Ерматович және аппараттың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселесі бойынша бас маманы Хайруллаұлы Дамир Түркістан қаласына 2019 жылдың 30 қазаны мен 03 қарашасы аралығында                  (5 күндік мерзімге) Сарыағаш қаласының 2020-2024 жылдарға арналған қалаларды дамыту мен салудың кешенді жоспарын Түркістан облыстық басқармаларымен келісімдеу жұмыстарын жүргізу және бекіту мақсатында іссапарға жолданған.

Бұл жерде іссапарға баруға негіздеме (хат, жоғарғы мекемеден өкім т.б) жоқтығы анықталып тұр.

Төмендегі заң талабы сақталмаған.

Қаулының 2 тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін іссапарға жіберу бағытын көрсете отырып, жол жүру шығыстары өтелетін көлік түрі көрсетілген бұйрықтың (өкімнің) негізінде мемлекеттік мекемелердің басшылары жүргізеді делінген.

 Сарыағаш аудандық прокуратурасының 05.09.2019 жылғы №2-12-19-03156 санды ұсынысы және 2019 жылғы 23 қазандағы №95-Э санды (актіні тіркеу №1961000002200042/00474 25.10.2019 жыл) тексеру тағайындау актісі негізінде Сарыағаш қаласы әкімі С.Сулейменованың 2019 жылғы шешімдеріне Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарының сақталуына тексеру жүргізіліп, 05.11.2019 жылғы №159 «Тексеру қорытындысы туралы» актісі түзілген. 05.11.2019 жылғы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» №65, №66, №67, №68 хаттамалары толтырылып, айыппұлдар салынған.

Жоғарыда орын алған заң бұзушылықтар мен кемшіліктердің орын алуына салаға жауапты лауазымды тұлғалардың салғырттығынан және заң талаптарын білмеуінің салдарынан орын алған.

Қала әкімі аппараты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің – 7 түрін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңының 5 бабы 2 тармағы 2 тармақшасына сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін қажетті жағдайлар жасалған.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағы 3 тармақшасына сәйкес мемлекеттік көрсететін қызмет стандарты мен тиісті ақпараттар ғимараттың көрінетін жерінде қолжетімді нысанда орналастырылған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министріінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №272 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 4 тармағының 1) тармақшасына сай, көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға және порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін;

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді делінген.

Ал құжаттарды ішінара қарау барысында өтініш тапсырған Р.Кадированың (17.07.2019ж.), Н.Аликуловтың (02.05.2019ж.), Г.Шағырбаеваның (06.02.2019ж.) құжаттарында және осы сияқты 3 азаматтың құжаттарында стандарттың                     4-тармағында көрсетілген мерзімде қызмет нәтижесі ұсынылмаған. Яғни мерзімі бұзылып орындалған.

Сонымен қатар, жеке басын куәләндыратын құжат көшірмелері қоса тігілгені анықталып отыр.

         Жоғарыда көрсетілгендерге байланысты анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша Аппаратқа мынадай ұсынымдар беріледі:

  1. Қызметшілерді жұмысқа қабылдау және босату кезінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қатаң сақтау;
  2. Облыс әкімдігінің 03.08.2018 жылғы №226 қаулысымен бекітілген Түркістан облысындағы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында ауданда бекітілген іс-шаралар жоспарының орындалуын қатаң бақылауға алу;
  3. Аппаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын жандандыру;
  4. Жеке және заңды тұлғлалардың өтініштерін қарау кезінде «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы мен «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қатаң сақтау;
  5. Аппарат қызметшілері арасында жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында қосымша құқықтық оқуларды ұйымдастыру;
  6. Жұмыс барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттер қатаң басшылыққа алу;
  7. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабында көрсетілген мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттарына сәйкес ЖОМ-мен ұсынылатын қызметтердің ашықтығын, қолжетімділігін және тиімділігін қамтамасыз ету;
  8. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларына сәйкес тоқсан сайын берілетін есепті, мәліметтерді сапалы ұсынылуын қамтамасыз ету;
  9. Кадр саласына, арыз-шағымдардың дұрыс тіркелуіне, орындалуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуына, функционалдық міндетіне мемлекеттік қызметтер көрсету кіретін жауапты тұлғалардың және жоғарыда аталған салаларға жетекшілік ететін қала әкімі орынбасарының, қала әкімінің тәртіптік жауапкершіліктерін қарау;
  10. Анықтамада берілген ұсыныстардың орындалуы жөніндегі мәліметтерді аудан әкімі аппараты персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімшесіне 10 жұмыс күні ішінде жолдау.

Аудан әкімі

аппаратының басшысы,

жұмысшы топ жетекшісі                                               М.Досполов

Келісілді:

Аудан әкімі аппараты

жалпы және әкімшілік

бөлімшесінің бас инспекторы                                              Е.Жанысбеков

Аудан әкімі аппараты

ақпараттандыру және мемлекеттік

қызмет көрсету мониторингі

бөлімшесінің басшысы                                                                  Е.Мусаев

Аудан әкімі аппараты ұйымдастыру

бөлімшесінің басшысы                                                                  Ә.Жапбаров

Аудан әкімі аппараты

заң бөлімшесінің

бас маманы                                                                           Д.Кулумбетов

Аудан әкімі аппараты

персоналды басқару қызметі

(кадр қызметі) бөлімшесінің

бас инспекторы                                                                    Д.Турсункулов

Сарыағаш қаласының әкімі                                                 С.Сулейменова