САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

“САРЫАҒАШ» ГАЗЕТІНЕ – 90 ЖЫЛ!

Аудандық «Сарыағаш» газетінің 90-жылдық мерейтойы жоғары деңгейде атап өтілді. 

Газеттің мерейтойына Сот төрағасы Т.Машрапов, ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сүлейменов, облыстық журналистер одағының төрағасы Ғ.Елшібаев бастаған аудандық мекеме басшылары мен бір топ зиялы қауым өкілдері және газетте қызмет еткен Ханбибі Есенқарақызы, Шойбек Орынбаев, Әмзе Халмырзаев, Кеңес Балықбаев және басқа да ардагер журналистер бас қосты. Жиынға келгендер баспа тарихынан сыр шертіп, ыстық лебіздерін жеткізді.

Салтанатты шараға арнайы барған аудан басшысы М.Отаршиев құттықтау сөз сөйлеп, басылымның ұжымына бағалы сыйлықтар табыстап құрмет көрсетті. Қонақтар үшін мәдениет сарайының кіре берісінде газеттің тарихына арналған көрме ұйымдастырылды. Экспозицияға газеттің алғашқы нөмірлері, басылымның бастауында тұрған тұлғалардың фотосуреттері және 90 жылдық тарихтың шежірелік құжаттары  қойылды.

Айта кетсек 1929 жылы «Ленин жолы» атауымен жарық көрген газет, кейіннен екі тілде «Қызыл Ту» және «Красное знамя» болып шығып тұрды. Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылдан бүгінге дейін «Сарыағаш» болып өзгеріп ақпарат арнасында өз арнасын тауып келеді.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі