САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

САРЫАҒАШ: «БІРГЕ-ТАЗА ҚАЗАҚСТАН!» АТТЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТУДЕ.

Аудан аумағында «Бірге-Таза Қазақстан!» атты экологиялық акциясының жоспары бойынша, қала, кент және ауылдық округтердің санитарлық тазалық жұмыстары 2019 жылдың 26-27 шілде  күндері өткізілуде. Жалпы Сарыағаш ауданында жыл басынан бері 18 сенбілік өткізілген болса, облыс аумағында өткізілген ең ауқымды сенбілік, яғни бүгінгі тазалық шарасына аудан бойынша 3 631 азамат тартылып, 172 шақырым көше тазаланды. 181 дана берекетсіз күл-қоқыстар жойылып, 133,4 тонна қоқыс шығарылды. 24,3 шақырым өзендердің, көпірлердің, каналдар мен бұлақтардың арналары тазаланып, 15 дана балалар алаңшалары ретке келтіріліп тазаланды. Сенбілікке жалпы 82 техника тартылды.

(с) Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі