САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Аудан әкімі Қайрат Абдуалиевтың өкімімен аудан әкімінің орынбасары болып Полатов Бахытжан Халдыбекұлы тағайындалды.

Бахытжан Халдыбекұлы 1976 жылдың 1 ақпанында Сайрам ауданында дүниеге келген. Еңбек жолы 1998 жылы «Сайрам су В» ЖШС-нің су жөніндегі инспекторы болудан басталған. 2000-2011 жылдары Сайрам ауданы бойынша салық комитетінің салық инспекторы, жетекші маман-жетекші салық инспекторы, бас маман- бас салық инспекторы, бас маман, бөлім бастығы, жұмыспен қамту орталығының директоры, Қаратөбе ауылдық округінің әкімі, Сайрам аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас инспекторы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының инфрақұрылым және құрылыс саласы мониторингі бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.

2017 жылдың тамызынан бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарып келді.

(с) Аудан әкімінің баспасөз қызметі