САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі М.Отаршиевтың төрағалығымен Сарыағаш ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Мәжілісте Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Н.Бексеитов «Төтенше жағдайлар бөлімінің 2019 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары мен төтенше жағдайлардың алдын алу, азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі салаларындағы өзекті мәселелер бойынша» баяндама жасады.

Мәжіліс барысында аудан әкімі М.Отаршиев ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындық жүргізу туралы төтенше жағдайлар басқармасына және тиісті бюджеттік мекемелерге бірқатар тапсырмалар берді. 

(с) Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі