САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

«Nur Otan»  партиясы  Сарыағаш аудандық  филиалының кезектен тыс ХХХIХ конференциясы өтті. Жиынға «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаев, Сарыағаш ауданының әкімі М.Отаршиев, «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев, Сарыағаш аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Садықов, Саяси кеңесі мүшелері, партия ардагерлері, барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттық фракциясының мүшелері, жергілікті атқарушы орган  басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, үкіметтік емес ұйымдар, «Жас Отан» ЖҚ мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты. Конференцияның күн тәртібіне үш мәселе ұсынылды:

  1. «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық партия филиалының төрағасын сайлау туралы

  2.ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талдау және насихаттау туралы

3. «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық  филиалының Саяси кеңесі құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың ұсынысы бойынша Отаршиев Мұхит Баймұханбетұлы делегаттардың бір ауыздан қолдауымен  «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының төрағасы болып сайланды. Аудан басшысы өз сөзінде конференцияға қатысушыларға сенім білдіргендері үшін алғыс білдіріп, жаңа форматта бірге жұмыс жасауға шақырды.

  Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары М.Сейтімбетов баяндама жасады.

Сондай-ақ «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының Саяси кеңесі құрамына өзгерістер енгізілді.

(с) Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі.