САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Сарыағаш ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2020-2021 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және «Жайылымдар туралы» 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабының 1) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарыағаш ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2020-2021 жылдарға арналған жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

     2. «Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

     1) осы шешімді «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2)  осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Сарыағаш ауданының мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

  • Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
            Аудандық мәслихат  
      сессиясының төрағасы
           Аудандық мәслихат хатшысы