САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

«Сарыағаш ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Сарыағаш ауданы әкімінің 2018 жылғы 31 қазандағы №97 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының       23 бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының                  2-тармағына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Сарыағаш ауданы әкімінің 2018 жылғы 31 қазандағы №97 «Сарыағаш ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4768 тіркелген,  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 14 қарашада электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы М.Доспуловқа жүктелсін.

4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сарыағаш ауданының әкімі   М. Отаршиев