Сарыағаш ауданында Цифрлы Қазақстан бағдарламасы іске асырылуда

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бекіткен «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында Сарыағаш қаласын ақылды қалаға айналдыру мақсатында Smart city – Saryagsh жобасы әзірленген болатын.
Smart city – Saryagsh жобасы жалпы 14 жобадан тұрып, осы жобалардың ішінде «Ақылды жаяу жүргінші жолы» (умный пешеход) жобасы қазіргі таңда Сарыағаш қаласы С.Ысмайылов көшесі мен Б.Ермеков көшесі қиылысында жүзеге асып, жаяу жүргіншілерге пайдалануға берілген.
«Ақылды жаяу жүргінші жолы» жобасының мақсаты – жол жиегіндегі жаяу жүргіншілерді жол бойынан қарсы бағытқа қауіпсіз өткізу болып табылады.
«Ақылды жаяу жүргінші жолы» жобасының ерекшелігі – жол жиегінде тұрған жаяу жүргіншіні жол бойынан қарсы бетке қауіпсіз өткізу үшін жол жиегінде қозғалыс күшін сезетін сезгіш датчик орнатылып, осы сезгіш датчик арқылы жаяу жүргіншінің келуін (немесе кетуін) сезіп, жол жамылғысында орнатылған жарық шамдарына пәрмен беріп, жол жамылғысын жарықтандырып, көлік құралдарын жүргізушілерге жол бойынан жолаушы жүріп жатқандығын көрсетеді.

(с) Аудан әкімінің баспасөз қызметі