САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ТАСАТТЫҚ БЕРІЛДІ

Еліміздегі орын алып жатқан пандемия дерті өршіп, басылмай жатқанын ескере отырып Сарыағаш аудандық ардагерлер кеңесінің бастамашылығымен Алладан адамзатқа келген қауіпті індеттің бетін қайтаруын тілеп орталық мешітте тасаттық берілді. Игі іс-шараға аудан әкімі М.Отаршиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сүлейменов, ауданның бас имамы Т.Төлебеков, аудандық мәслихаттың депутаты Т.Усманов және ауданның зиялы қауым өкілдері қатысты.
Ал құрбандық етті көмекке мұқтаж жандарға және аудандық орталық ауруханаға таратылды.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі