САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ДӘСТҮРЛІ «ТАМЫЗ КЕҢЕСІ» ӨТТІ

Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Жаһандық құндылықтар және Қазақстандық білім мен ғылымның сапасы» тақырыбында Сарыағаш ауданының педагог қызметкерлерінің аудандық Тамыз кеңесі өтті.

Конференцияның мақсаты – білім саласында болып жатқан жаңа өзгерістер мен өзекті мәселелерді, оның шешу жолдарын қарап, тәрбие мен білім сапасын көтеру сияқты басты міндетті талқылау. Еліміздегі мектеп оқушыларына сапалы білім алуға қажетті жағдай жасау; білім деңгейін көтеру; мамандар әлеуетін арттыру;білім мазмұнын жаңарту; Қазақстандық білім беру жүйесінің даму стратегиясын айқындау.

Кеңеске аудан әкімінің орынбасары Смайл Тасқұлов, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы З.Алтаева, аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Садықов, білім беру ұйымдарының басшылары, білім саласының қызметкерлері, кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, ата-аналар комитет төрағалары мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиында алғы сөзді алған аудан әкімінің орынбасары Смайл Тасқұлов өткен оқу жылындағы жетістіктер мен нәтижелерді атап өтті.

Сондай-ақ Тамыз кеңесінде ҰБТ-дан жоғарғы көрсеткішке қол жеткізген мектеп басшылары мен ауданымыздың үздік педагогтарына аудан әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі