САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Сарыағаш ауданындағы бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі

Қазақстан Республикасының  бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына  сәйкес,  Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 наурыздағы «Жиналыстар митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» №50-444-V шешімі шығып, ОҚО Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 наурыздағы №3649 болып тіркелген.

Сарыағаш ауданында жиналыстар митингілер өткізу орны болып, Сарыағаш қаласындағы «Жеңіс» саябағының аумағы (Исмаилов көшесі), Сарыағаш аудандық мәдениет үйінің жанындағы аллея (Шораұлы көшесі), Сарыағаш аудандық орталық спорт алаңының аумағы (Самал мөлтек ауданы).

Сарыағаш ауданында шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруттары болып Сарыағаш қаласындағы О.Тұрлыбеков және Жамансариев көшелері белгіленген.