САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

САРЫАҒАШ АУДАНЫНА ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ, С.ҚАНЫБЕКОВ, М.МАХАНБЕТОВ, Б.ЖЫЛҚЫШИЕВТЕР ІС САПАРМЕН КЕЛДІ.

Бүгін Сарыағаш ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері С.Қаныбеков, М.Маханбетов, Б.Жылқышиевтер іс сапармен келді.

Парламент депутаттарының халықпен кездесудегі басты мақсаты мемлекет басшысының тапсырмасына сай ұсыныс-пікірлерді тыңдап, талап, тілектерін жеткізу болып табылады.

Сарыағаш ауданында агроөнеркәсіп кешені жоғары деңгейде дамып келе жатқанына байланысты бірінші кезекте депутаттар Дарбаза елді мекенінде орналасқан «Фирма Сакен» ЖШС жұмысымен танысты. Шаруашылыққа тиесілі жер көлемі 1592 га болса, онда жалпы 2642 бас мал өсірілуде. Оның ішінде 595 бас ірі қара, 2047 уақ мал.

Шаруашылық асыл тұқымды ірі қара өсіріп сүт өндірумен айналысады. Жылына 720 тоннаға жуық сүт өндіріп, оны облыс аумағында сүт өнімдерін өндіру орындарына тапсырады. 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.