САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

САРЫАҒАШ АУДАНЫНА ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ А.ДӘУРЕНБАЕВ КЕЛДІ

2019 жылы 27 тамыз күні  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты «Nur Otan» партиясы фракциясы мүшесі   А.Дәуренбаев  іс-сапармен ауданымызға келді. Аудан әкімінің орынбасары С.Тасқұлов ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Талипов аудандағы бірқатар  нысандармен таныстырды. Ең алдымен депутат Қабланбек ауылдық округі аумағында орналасқан «Жабай ата» шаруақожалығы, Дарбаза ауылдық огругі аумағында орналасқан «Фирма Сәкен» ЖШС-нің асыл тұқымды мал шаруашылығымен және сүт өнімдері өндірісі, Жылға ауылдық округі аумағында орналасқан «ЕкоПроТех-Астана» ЖШС-нің «Күн сәулелі электрстанциясы» және Жібек жолы ауылдық округінде орналасқан «Сарыағаш жер сиы» ЖШС-нің бірқатар жұмыстарымен танысып, атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді. 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі