САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

САРЫАҒАШТЫҚТАР АРЫСТА ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ.

Арыс қаласы 16 секторда қасиетті «Құрбан айт» мерекесіне орай ас берілді. 16 секторға қарасты қала тұрғындарын, құрылысшыларды Қостанай облысының əкімінің орынбасары С.Карплюк, аудан əкімінің орынбасары С.Тасқулов, аудандық маслихаттың хатшысы Б.Садықов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сүлейменов, «Нұр Отан» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев «Құрбан айт» мерекесімен құттықтап, Арыс тұрғындарымен бірге екендіктерін жеткізді. Сондай -ақ аудандық мəдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынып, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

(с) Аудан әкімінің баспасөз қызметі