САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

САРЫАҒАШТА ҮШЕМДЕР ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Сарыағаш ауданында биылғы жылдың алғашқы үшемдері дүниеге келді. 2020 жылдың қаңтар айының 16-жұлдызы күні Құркелес ауылдық округі, Еңкес елді мекенінің тұрғыны Анарбаева Жанар Сапарбекқызы Адина,  Медина, Үсен  есімді ұл, қыздарды өмірге әкелген болатын. Ауданда дүниеге келген үшемдердің ата-анасын аудан әкімі М.Отаршиев арнайы құттықтап барып, сый-сыяпаттарын тапсырды. Аудан басшысы дүниеге келген үшемдердің деніне саулық тілеп, халықтың қалаулы азамат, азаматшасы болып өсе берсін деген тілегін жеткізіп, жылы лебізін білдірді.

Айта кететін жайт үшемдердің анасы Жанар небәрі он сегіз жаста. Дүниеге келген үшемнің екеуі қыз бала болса, біреуі ұл. Нәрестелер ай күнінен ерте туылған. №1 облыстық перинаталдық орталықта жарық дүниеге келген үшемнің қазіргі жағдайы жақсы.                                                                                        

Былтырғы жылы Сарыағаш ауданында 5157 сәби дүние есігін ашқан. Олардың біреуі үшемдер, он тоғызы егіздер. Бала туу көрсеткіші бойынша ауданымыз облыс бойынша алғашқы үштіктің қатарында. Бұл әлбетте, мемлекеттің демографиясын көтеріп, халық санының артуына септігін тигізері анық.