САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

САРЫАҒАШТА «ҚАМҚОРЛЫҚ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

«Қамқорлық» жобасы Сарыағаш ауданының ауылдық округтерінде де жүзеге асуда.
Бүгін аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының төрағасы М.Отаршиев Құркелес ауылдық округіндегі әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғынның үйіне арнайы барып, тұрмыс жағдайымен танысты. Аудан басшысы ауылдағы кәсіпкерлерді тарта отырып, қажетті азық-түлікпен қамту, қайта оқу курстарына жолдама беру, әлеуметтік көмек көрсету сынды мәселелер бойынша тұрақты көмек көрсетіліп тұратынын жеткізді.
«Қамқорлық» жобасы мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы мен көмектен бөлек жүзеге асады. Тұрмысы төмен отбасыларға қамқорлық көрсетіліп, кедейлік шеңберінен шығуға мүмкіндік жасалмақ.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі