САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

САРЫАҒАШТА ЕГІН ОРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Сарыағаш ауданы дихандарының астық ору науқаны қарқын алуда. Биылғы жыл шаруалар үшін ырысты болғалы тұр. Орақ науқанына алғашқылардың бірі болып кіріскен-Дарбаза ауылдық округіндегі «Жабай-ата» өндірістік кооперативі. Өндірістік кооперативпен жер жырту, тұқым себу және жерді өңдеу секілді жұмыстар дер кезінде атқарылды. Мемлекет тарапынан берілетін арзан бағадағы жанар жағар май мен минералды тыңайтқыш та шаруалардың қолына уақытылы тиген. Соның арқасында биыл астық көлемі жылдағы жиналғаннан арттырылмақ. Қазір егіс алқабында өндірістік кооператив меншігінде 4 комбайн мен басқа агро-техника тартылып, 25-ге жуық жұмысшылар жұмыс істеп жатыр. Өндірістік кооператив 800 гектар егінді алқапқа бидай еккен. Қазіргі таңда астық ору жұмыстары аяқталуға жақын.
Ауданда 2020 жылдың өніміне егілген егіс көлемі 69807 га (үй іргелік жерді қоса есептегенде) құрайды. Атап айтқанда, бидай – 30430 га, арпа – 5500 га, мақсары – 1500 га, күнбағыс – 500 га, ескі жоңышқа – 7900 га, жаңа жоңышқа – 1000 га, сүрлем жүгері – 92га, картоп – 4000 га, көкөніс- 10530 га.
Ағымдағы жылы, бидайдың гектарынан 17 центнерден 51731 тонна өнім жинау күтілуде. 2020 жылғы орақ науқанына 59 комбайн және 402 доңғалықты техника қатысатын болды.

(с) Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі