САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

РУХАНИ КЕРУЕН МҮШЕЛЕРІ САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА

Бүгін Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде «Түркістанның рухани керуені» тақырыбында кездесу өтті. Аудан тұрғындарының мәдени және патриоттық сезімдерін қалыптастыру, деструктивті діни ағым жақтастарын қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу, мемлекет пен дін арақатынасындағы зайырлылық ұстанымы бойынша аудан тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында өткен кездесуге Қазақстанның 4 дүркін жеңімпазы, Азия чемпионы, түрлі халықаралық біріншіліктердің жүлдегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Ақжүрек Таңатаров, әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Саят Медеуов және Жетісай ауданының бас имамы Бекзат Сыздықов қатысты. Жиында ел мақтаныштары жастарға өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, өмірлік кеңестер беріп, жарқын болашаққа бірге қадам басуға үндеді. Ақжүрек Таңатаров әсерлі әңгімелерімен жас спортшылардың спортқа деген қызығушылығын арттырды. Аудан тұрғындарымен қуана қауышқан Саят Медеуов ән шашуын тарту етті.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі