САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

2019 жылдың 30-31 қазан күндері Алматы облысы, Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар республикалық байқауы болып өтті. Байқау барысында талантты жастар техникалық өнердің түрлі саласындағы тоғыз аталым бойынша әзірлеп келген жобаларын қорғады. Қатысушылар ұсынған жобалар бірінен бірі өткен қызықты, креативті әрі ғылыми жаңашылдығымен ерекшеленді. Байқауға Сарыағаш ауданынан №68 Т.Оспанов атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Даулетов Рустам мен оның жетекшісі Дуйсембеков Досбол қатысып, облыс намысын қорғап, командалық есеп бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі