САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА!

Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, Жібек жолы кеден бекеті маңындағы ретсіз сауда мен заңсыз ақша айырбастауды болдырмау мақсатында Жібек жолы ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері және жергілікті учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп рейд өткізді. Рейд нәтижесінде заңсыз ақша айырбастауға қойылған 6 дүңгіршек алынып тасталса, 8 азаматқа заңсыз сауда жасағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылды. Сонымен қатар, кеден бекеті маңындағы күнделікті жиналатын қоқыстар тазаланды.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі