САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

«ПРЕЗИДЕНТТІҢ ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ» ҮМІТКЕРЛЕРДІ ІРІКТЕУГЕ АРНАЛҒАН БЕЙНЕ БАЙЛАНЫС ТҮРІНДЕ ЖИЫН ӨТТІ.

Бүгін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Түркістан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Президенттің жастар кадр резервіне» іріктеуге қатыстыру үшін аудандағы жас мөлшері мен білімі және еңбек өтілі сәйкес келетін барлық салалардағыазаматтарды қамти отырып, бейне байланыс арқылы кеңейтілген жиын өткізілді.

Жиынға аудан әкімі аппараты, ауданның дербес бөлімдері мен қала, кент және ауылдық округтердің мамандары, Жастар ресурстық орталығының басшысы мен қызметкерлері, саяси партиялардың өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Жиын сұрақ-жауап форматында өтті. Мемлекеттік қызметшілер Президенттік кадр резерві туралы толық ақпарат алды.