САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ПРАЙМЕРИЗ ЕРЕЖЕСІНЕ САЙ КЕЗДЕСУЛЕР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Сарыағаш ауданында 2020 жылдың 17-28 тамыз аралығында «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысуға 104 үміткер өтініш берген болатын. Қазіргі таңда праймериз ережесіне сай үміткерлер 8 топқа бөлініп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Естеріңізге сала кетейік, үгіт-насихат жұмыстары қыркүйек айының 7 жұлдызынан бастау алып, қазан айының 3-ші жұлдызы сағат 14:00-ге дейін жалғасын табатын болады. Алдын ала тартылған жеребеге сай «Nur Otan» партиясының Сарыағаш аудандық филалының барлық қала, кент және ауылдық округтердегі бастауыш партия ұйымдарының ұйымдастыруымен үміткерлердің халықпен кездесулері өткізілуде.
Праймеризге қатысушы үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларын ресми таныстыру рәсімі Көктерек кентінен бастау алып Тегісшіл, Жарты төбе, Қабланбек, Құркелес, Қызылжар, Жемісті ауылдық округтерінде жалғасын табуда. Кездесулер праймериз ережесіне сай, барлық талаптардың орындалуымен жіті бақылауға алынып өткізілуде.
Айта кетейік, жалпы Сарыағаш ауданы бойынша 104 үміткер тіркелген болса, оның 68 ер азамат, 36 нәзік жандылар. Сондай-ақ үміткерлердің ішінде 1- мәжіліс,12- облыстық, 97-аудандық Праймеризге қатысуға ниет білдіріп, тіркеуден өткен болатын.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі