САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ОНЛАЙН АППАРАТ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі М.Отаршиевтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, қала кент, және ауылдық округ әкімдері әдеттегідей ВКС(онлайн) режимде қатысып отырды.Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Алғашқы мәселе бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ш.Жаңбырбаев бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту туралы баяндап өтті. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Т.Ноғаевтың аудан бюджетінің 2020 жылдың 1-қазанына игерілуі туралы және Индикаторлық көрсеткіштердің 2020 жылдың 1-қазанына орындалуы туралы баяндама жасады.Жиынды қорытындылаған аудан әкімі М.Отаршиев күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша айтылған кемшіліктер мен сын-ескертпелерден тиісті қорытынды шығарып, нәтижелі жұмыс атқаруды міндеттеді. Сондай-ақ, жыл қорытындысы бойынша орындалмаған салалық индикаторлар бойынша жетекшілердің қызметтік жауапкершілігі қаралатынын да ескертті.(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі