САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі М.Отаршиев пен облыстық мәслихатының депутаттары Ә.Досболов, А.Салимов, У.Рахиевтердің қатысуымен Сарыағаш ауданының 2019 жылғы бюджетінің атқарылуындағы өзекті мәселелер және 2020 жылға арналған республикалық және облыстық бюджеттерге ұсынылған жобаларды талқылау бойынша кездесу өтті. Кездесу жиынына аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары мен мамандары қатысты. Жиын барысында келесі жылға республикалық және облыстық бюджеттің нақтылауына ұсынылған әлеуметтік нысандардың жобалары талқыланып, нәтижеге қол жеткізу жолында бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізді.

(с) Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі