САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ НАСИХАТТЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІ САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін аудан әкімдігінің үлкен залында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында жиын өткізілді.
Аталған жиынды аудан басшысы Мұхит Баймұханбетұлы жүргізіп, Жолдауда көрсетілген негізгі бағытқа тоқталды.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Айтай Бахадыр Сатыбалдыұлы, облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы А.Мамытбеков және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов баяндама жасап, тұрғындардың өмірі мен сапалы тұрмысын жақсартуда, экономикасы дамыған, әлеуеті жоғары мемлекет қалыптастыруда осы Жолдауда қойылған міндеттердің маңызы өте зор екендігін атап өтті. Сонымен қатар, жиын барысында Қабланбек аграрлық-техникалық коледжінің директоры Е.Қанжігітов және Жібек жолы ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Бүркітбай ағаларымыз өз ойларын ортаға салды. Ендігі кезекте жүктелген міндеттер жұмыс барысында Сарыағаштықтар тарапынан басшылыққа алынып, жүйелі жезеге асырылмақ.

(с) Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі