«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕС БЮРОСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

08.08.2019 жылы Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында аудан әкімі Қ.Абдуалиевтің төрағалығымен саяси кеңес Бюросының отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібіне сәйкес:

Бірінші болып «Мемлекеттік бағдарламалармен партияның сайлау алды тұғырнамасының орындалуы бойынша партия мүшесі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы К.Халықтың есебі тыңдалды;

Екінші болып «Аз қамтамасыз етілген көп балалы аналарға атаулы әлеуметтік көмектің босатылуы туралы» аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Д.Динашованың есебі тыңдалды;

Үшінші мәселе «Мемлекеттік бағдарламалар мен «Цифрлы Қазақстан» партиялық жобасының орындалуы» бойынша партия мүшесі аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Майриховтың есептері тыңдалды.

Жиын соңында «Нұр Отан» партиясы Сарыағаш аумақтық филиалының төрағасы Қ.Абдуалиев тиісті сала басшыларына көтерілген мәселелер бойынша нақты шараларды қабылдап, мерзімінде іске асыруды тапсырды.

(с) Аудан әкімінің баспасөз қызметі