САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

«Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы №17 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» аудан әкімдігінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы №17 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4892 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 11 наурызда жарияланған ) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен белгіленген мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшерінде:

«Жұмыс орындарының саны (адам) деген бағанда:

«Сарыағаш аудандық білім бөлімінің «№28 Абылай хан атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» деген жолдағы «5» деген сан «6» деген санмен ауыстырылсын;

«Сарыағаш аудандық білім бөлімінің «№12 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» деген жолдағы «3» деген сан «4» деген санмен ауыстырылсын;

«Сарыағаш аудандық білім бөлімінің «№20 Амангелды атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» деген жолдағы «3» деген сан «4» деген санмен ауыстырылсын;

«Сарыағаш ауданының білім бөлімінің «№21 Яссауи атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» деген жолдағы «4» деген сан «5» деген санмен ауыстырылсын;

«Сарыағаш ауданының білім бөлімінің «№38 М.Мақатаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» деген жолдағы «3» деген сан «4» деген санмен ауыстырылсын.

2. «Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Сарыағаш ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Сейтимбетовке жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі                                                                           Қ.Абдуалиев

«Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Сарыағаш ауданы әкімдігінің

2019 жылғы 15 қаңтардағы №17 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Сарыағаш ауданы

әкімдігі қаулысының жобасына

САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ

Құрылымдық элемент Нормативтік құқықтық актінің редакциясы Өзгерістер немесе толықтырулардың ұсынылатын редакциясы (ұсыныстар) Өзгерістің немесе толықтырудың негізі
1 2 3 4 5
«Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» аудан әкімдігінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы №17 қаулысымен белгіленген мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
1 «Сарыағаш аудандық білім бөлімінің «№28 Абылай хан атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» деген жолдағы «Жұмыс орындарының саны (адам)» деген бағанда 5 6 Ауданның еңбек нарығында мүгедектер санынан жұмыс күшіне ағымдағы сұраныс пен ұсынысты талдау негізінде
2 «Сарыағаш аудандық білім бөлімінің «№12 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» деген жолдағы «Жұмыс орындарының саны (адам)» деген бағанда 3 4
3 «Сарыағаш аудандық білім бөлімінің «№20 Амангелды атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» деген жолдағы «Жұмыс орындарының саны (адам)» деген бағанда 3 4
4 «Сарыағаш ауданының білім бөлімінің «№21 Яссауи атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» деген жолдағы «Жұмыс орындарының саны (адам)» деген бағанда 4 5
5 «Сарыағаш ауданының білім бөлімінің «№38 М.Мақатаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» деген жолдағы «Жұмыс орындарының саны (адам)» деген бағанда 3 4