САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

«Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы №17 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес Сарыағаш ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы №17 «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4892 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 11 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен белгіленген мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшерінде:

реттік нөмірі 4-жолда «Жұмыс орындарының саны (адам)» деген бағандағы «3» деген сан «4» деген санмен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 11-жолда «Жұмыс орындарының саны (адам)» деген бағандағы «3» деген сан «4» деген санмен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 12-жолда «Жұмыс орындарының саны (адам)» деген бағандағы «3» деген сан «4» деген санмен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 13-жолда «Жұмыс орындарының саны (адам)» деген бағандағы «1» деген сан «2» деген санмен ауыстырылсын.

2. «Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Полатовқа жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі   М. Отаршиев