САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

МҮГЕДЕКТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

10 қазан 2019 жылы қазан айының екінші жексенбісі мүгедектерді қорғау күніне орай  мүмкіндігі шектеулі азаматтарға  «Үміт» қоғамдық бірлестігі арқылы қызмет алып жатқан мүмкіндігі шектеулі жандарға дастархан жайылып, сыйлықтар табысталды. Іс-шара барысында Сарыағаш ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы К.Әмірбекова сөз алып –  арнаулы мерекемен құттықтап, көңілі жарым жандардың дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілеп, өз ыстық лебізін білдірді.

(с) Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі