САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

МОБИЛЬДІК ПУНКТ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Аудандағы жұмыссыз және өз бетінше жұмыспен қамтылған адамдарға елімізде жүзеге асырылып жатқан «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының бағыттары мен жұмыспен қамтылу мүмкіндіктері бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында «Халықты жұмыспен қамту жөнінде мобильдік пункті» құрылып, кестеге сәйкес ауылды елді мекендерге шыға бастады.
Мобильдік пункте аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары Сарыағаш қаласы мен Құркелес, Жартытөбе, Жібек жолы, Қапланбек, Дербісекауылдық округтеріндегіжұмыссыз адамдарды қабылдап, оларға жоғарыда аталған Бағдарламаның бағыттары бойынша кәсіптік оқу, өз ісін ашу үшін несие алу, әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар және де басқадай жұмыспен қамтылу мүмкіндіктерін кеңінен түсіндіруде.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі