САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу ҚАҒИДАЛАРЫ

1. Жалпы ережелер

1. «Мерейлі отбасы»  ұлттық  конкурсы  (бұдан әрі – конкурс)  өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурс жылдың басында жарияланады және «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы»  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына сәйкес Отбасы күніне орай қорытындыланады.

Конкурсты өткізудің мақсаттары:

1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану; 

2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;

3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу және кеңінен насихаттау;

4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.

2. Конкурсқа  отбасылар  (бұдан  әрі  –  үміткерлер)  қатысады.  Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ашық нысанда өткізіледі.

3. Конкурстың жеңімпаз отбасысы жалпыға ортақ интерактивті дауыс беру негізінде айқындалады.

4. Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі.

5. Мыналар:

1) қызметі  Қазақстан  Республикасының  аумағында  тыйым  салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;

2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.

2. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі

6. Конкурстың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы              Көлік және коммуникация министрлігінің жәрдемдесуімен Қазақстан  Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, жергілікті атқарушы органдар болып табылады.

Конкурсты ұйымдастырушылар «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмысты үйлестіру мақсатында конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетін құрады.

7. Конкурс өткізу туралы хабарландыру наурыздың 15 – 31 аралығында республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.

8. Конкурс үш кезеңде өткізіледі.  Бірінші кезең  –  аудандық (қалалық), екінші – өңірлік, үшінші – ұлттық.

9. Жергілікті атқарушы органдар  өңірлік деңгейдегі «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздарын айқындау бойынша өңірлік, аудандық (қалалық) комиссиялар құрады, сондай-ақ комиссия туралы ережені және іріктеу критерийлерін бекітеді.

10. Конкурсқа қатысуға өтінім (осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша) аудандық (қалалық)  комиссияға жыл сайын конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жариялаған күннен бастап бір ай ішінде мынадай құжаттармен бірге беріледі: 

1) ата-аналардың  (қорғаншылардың,  қамқоршылардың)  жеке  басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) асырап  алушы  (қорғаншы)  отбасылар  үшін  –  жергілікті  уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

4)  ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі – бар болса;  

5) балаларды  тәрбиелегені  үшін  алған  көтермелеулердің,  белгілі  бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6) балалардың,  ата-аналардың  (қорғаншылардың,  қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;

7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);

8) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін үміткерлер ұсынған түпнұсқалар негізінде аудандық (қалалық) комиссияның төрағасы куәландырады.

11. Құжаттарды    көрсетілген    мерзімнен    кейін    ұсынған    үміткерлер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

12. Аудандық (қалалық) комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

13. Ұйымдастырушылар:

1) барлық үміткерлерге тең жағдайды;

2) жеке құпия болып табылатын ақпараттың жасырын болуын;

3) конкурс нәтижелері туралы мәліметтердің ресми жарияланатын күнінен бұрын таралып кетпеуін қамтамасыз етеді.

14. Аудандық  (қалалық)  комиссия  алынған  ақпаратты  жан-жақты тексергеннен кейін аудандар (қалалар) әкімдерімен келісілген екі қатысушының (отбасының) конкурстық материалдарын 15 мамырға дейін өңірлік комиссияларға жібереді.

15. Өңірлік комиссиялар бір үздік отбасын іріктеп алады, қажет болған жағдайда ұсынылған материалдарға қосымша тексеру жүргізіп, Астана, Алматы   қалаларының және  облыстардың   әкімдерімен келісілген өз шешімдерін осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген құжаттар топтамасымен бірге, жыл сайын 30 мамырға дейін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – комиссия) жібереді.

16. Өңірлік және аудандық комиссиялар үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде мынадай критерийлерді басшылыққа алады:

1) отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңызы (отбасы тарихы – визит карточкасы – таныстыру рәсімі);

2) отбасылық дәстүрлер және жәдігерлер;

3) отбасының рухани-адамгершілік құндылықтары;

4) балаларының жетістіктері;

5) ата-аналарының үлгі тұтарлықтай жетістіктері;

6) отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны – бір аумақта бірге тұрып жатқан бірнеше ұрпақтың өкілдері);

7) отбасының дарындары;

8) отбасының өмір сүру салты (саламатты өмір салты, бос уақыты және т.б.);

9) отбасының қоғамдағы беделі.

17. Комиссия  өңірлік  комиссиялардың  ұсыныстарын  алқалы  түрде қарағаннан кейін 10 күн ішінде лауреат атағына үміткер отбасылар туралы бағдарламалар циклын әзірлеу үшін материалдарды Ұлттық телеарнаға жолдайды.

18. Жеңімпаздарды  іріктеуге  смс-хабарламалар және интернет-ресурс арқылы интерактивті дауыс беру жолымен елдің барлық тұрғындары белсенді түрде қатысады.

Интерактивті дауыс беру 10 тамыздан басталады және 5 қыркүйекте аяқталады.

19. Комиссия интерактивті дауыс берудің қорытындысы бойынша конкурс жеңімпазын айқындайды.

20. Көрермендердің басым көпшілігі дауыс берген отбасыға «Мерейлі отбасы» лауреаты атағы, диплом мен ерекшелік белгісі (мүсінше) беріледі.

21. Конкурс  лауреатын  марапаттау  рәсімі  жыл  сайын  салтанатты түрде өткізіледі.

22. Конкурсқа қатысушылар туралы ақпарат өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ конкурсты ұйымдастырушылардың интернет-ресурстарында орналастырылады.

23. Конкурс лауреаты атағын қайталап беруге жол берілмейді.

3. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері

         24.Ұйымдастыру комитеті ұйымдастырушылық, техникалық, қаржылық, шығармашылық мәселелерді, іс-қимылдарды немесе конкурсты дайындау және өткізу бойынша жұмыс бағыттарын келісу мәселелерін пысықтайды, сондай-ақ Ұйымдастыру комитеті мүшелерінің ұсыныстарын, қоғамдық бастамаларды қарайды.

         Ұйымдастыру комитетінің міндеттеріне мыналар жатады:

  1. конкурстың басталуы туралы көпшілікке жариялау;
  2. конкурстың іріктеу айналымына дайындық және оны өткізу бойынша ұйымдастыру жұмысын үйлестіру;
  3. конкурстың имидждік жарнамалық науқанын бекіту;
  4. конкурстың барлық кезеңдеріне дайындықты және өткізуді үйлестіру;
  5. БАҚ-пен жұмыс;
  6. Конкурс ағдарламасына өзгерістер енгізу;
  7. өңірлердегі конкурстың іріктеу айналымдарын өткізу қорытындылары туралы жергілікті атқарушы органдардың есептерін тыңдау;
  8. конкурстың финалдық айналымына қатысуға өтінімдерді жинау, өтінімдерді ресімдеу мен берілуінің конкурс талаптары мен шарттарына сәйкестігін тексеру;
  9. алдын ала қарау үшін өтінімдерді өңдеу;
  10. конкурстың қазылар алқасының құрамын құру және оның қызметін үйлестіру;
  11. конкурстың финалдық айналымын, конкурс номинанттарын салтанатты түрде марапаттау рәсімін бақылау, ұйымдастыру және өткізу.   

         _____________________

ПРАВИЛА

проведения Национального конкурса «Мерейлi отбасы»

1. Общие положения

1. Национальный конкурс «Мерейлі отбасы» (далее – конкурс) направлен на возрождение нравственных ценностей и культивирование позитивного образа семьи и брака (супружества), повышение статуса семьи.

Конкурс объявляется в начале года и итоги подводятся ко Дню семьи, в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от  20 января              1998  года  № 3827 «О профессиональных и иных праздниках в Республике Казахстан».

Цели проведения конкурса:

1) укрепление института семьи, нравственности, духовности, признание важности ответственного супружества;

  • повышение ответственности родителей в воспитании детей;
  •  демонстрация и широкая пропаганда семейных ценностей, заботы совершеннолетних детей о нетрудоспособных и пожилых родителях;
  •  пропаганда положительного имиджа казахстанской семьи.

2. В конкурсе принимают участие семьи (далее – претенденты). Конкурс проводится в открытой форме на всей территории Республики Казахстан.

3. На    основании    всеобщего    интерактивного    голосования    будет определена семья – победитель конкурса.

4. К участию в конкурсе допускаются семьи, члены которых имеют высокие  трудовые, спортивные, творческие, интеллектуальные, научные достижения.

5. В конкурсе не могут участвовать семьи:

1) члены, которых входят (входили) в состав организаций, деятельность которых запрещена на территории Республики Казахстан;

2) члены, которых были ранее судимы.

2. Порядок организации конкурса

                6. Организаторами конкурса являются Министерство культуры и информации Республики Казахстан при содействии Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан, местные исполнительные органы. 

         Организаторами конкурса создается организационный комитет по подготовке и проведению конкурса с целью координации работы по организации и проведению Национального конкурса «Мерейлі отбасы».

7. Объявление о проведении конкурса размещается в республиканских и региональных средствах массовой информации с 15 по 31 марта.

8. Конкурс проводится в три этапа. Первый этап – районный (городской), второй – региональный, третий – национальный.

9. Местные исполнительные органы создают региональные, районные (городские) комиссии по определению победителей Национального конкурса «Мерейлі отбасы» на региональном уровне, а также утверждают положение о ней и критерии отбора.

10. Заявка для участия в конкурсе (по форме согласно приложению к настоящим Правилам) подается в районную (городскую) комиссию  ежегодно в течение месяца со дня публичного объявления о начале конкурса с приложением:

1) копии документов, удостоверяющих личность родителей (опекунов, попечителей), копии свидетельств о рождении детей;

2) копии выписки из решения местного уполномоченного органа об установлении над несовершеннолетним ребенком опеки (попечительства) –  для приемных (опекунских) семей;

3)  копии свидетельства о заключении брака (при наличии);

4) копии свидетельства о смерти в случае смерти одного из родителей –при наличии;

5) копии документов, свидетельствующих о наличии поощрений за воспитание детей, поощрений за определенные успехи;

6) справки и характеристики с места работы (учебы) детей, родителей (опекунов, попечителей);

7)  рекомендации (коллег, соседей, друзей);

8) копии документов, подтверждающих высокие трудовые, спортивные, творческие, интеллектуальные, научные достижения членов семьи.

Копии представляемых документов заверяются председателем районной (городской) комиссии на основании предъявленных претендентами оригиналов.

11. Претенденты, представившие документы позже указанного срока, не допускаются к участию в конкурсе.

12. Представленные в районную (городскую) комиссию документы не возвращаются.

13. Организаторы обеспечивают:

  1.  равные условия для всех претендентов;
  2.  конфиденциальность информации, представляющей личную тайну;
  3.  неразглашение сведений о результатах конкурса ранее даты их официального объявления.

14. Районная (городская) комиссия после всесторонней проверки полученной информации направляет согласованные с акимами районов (городов) конкурсные материалы двоих участников (семьи) в региональные комиссии до 15 мая.

15. Региональные комиссии производят отбор одной лучшей семьи,  при необходимости осуществляют дополнительную проверку представленных материалов и направляют свои решения, согласованные с акимами городов Астаны, Алматы  и областей, с пакетом документов, предусмотренных пунктом 10 настоящих Правил, в Комиссию по присуждению звания лауреата Национального конкурса «Мерейлi отбасы» (далее – комиссия)  ежегодно до 30 мая.

16. При принятии решения об определении лучших семей региональные и районные  комиссии руководствуются следующими критериями:

1) количество и значимость достижений членов семьи (семейная история – визитная карточка – презентация);

2) семейные традиции и реликвии;

3) духовно-нравственные ценности семьи;

4) достижения детей;

5) достижения родителей как образец для подражания;

6) знание своих корней (шежіре – история рода);

7) состав семьи (количество членов семьи – представителей нескольких поколений, совместно проживающих на одной территории);

8) таланты семьи;

9) стиль жизни семьи (здоровый образ жизни, досуг и т.д.);

10) репутация семьи в обществе.

17. Комиссия после коллегиального рассмотрения предложений региональных комиссий в течение 10 дней направляет материалы на Национальный телеканал для подготовки цикла программ об отборе, а также  о семьях-претендентах по присуждению звания лауреата.

18. В отборе победителей активное участие принимает все население страны путем интерактивного голосования посредством смс-сообщений и интернет-ресурса.

Интерактивное голосование начинается 10 августа и завершается              5 сентября.

         19. Комиссия по итогам интерактивного голосования определяет победителя конкурса.

20. Семье, за которуюпроголосовало наибольшее количество зрителей, присваивается звание лауреата «Мерейлi отбасы», выдаются диплом и отличительный знак (статуэтка).

21. Церемония награждения лауреата конкурса проводится ежегодно в торжественной обстановке.

22. Информация об участниках конкурса  размещается  в региональных и республиканских средствах массовой информации, а также на интернет-ресурсах организаторов конкурса.

23. Не допускается повторное присвоение звания лауреата конкурса.

3. Задачи Организационного комитета

24. Организационным комитетом (далее – Оргкомитет) прорабатываются организационные, технические, финансовые, творческие вопросы, вопросы согласования действий или направления работы по подготовке и проведению конкурса, а также рассматриваются предложения членов Оргкомитета, общественные инициативы.

К задачам Оргкомитета относятся:

  1. публичное объявление о начале проведения конкурса;
  2. координация организации работы по подготовке и проведению отборочного тура конкурса;
  3. утверждение имиджевой рекламной компании конкурса;
  4. координация подготовки и проведения всех этапов конкурса;
  5. работа со СМИ;
  6. внесение изменений в программу конкурса;
  7.  заслушивание отчетов местных исполнительных органов об итогах проведения отборочных туров конкурса в регионах;
  8. сбор заявок на участие в финальном туре конкурса, проверка соответствия оформления и подачи заявок требованиям и условиям конкурса;
  9. обработка заявок для предварительного просмотра;
  10.  формирование состава жюри конкурса и координация его деятельности;
  11. контроль, организация и проведение финального тура конкурса, торжественной церемонии награждения номинантов конкурса.

                                               ________________

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға арналған

өтінім

Отағасының (әкесінің немесе анасының) деректері:

  1. Т.А.Ә.                                                                                                         
  2. Жасы ___________________ Жынысы                                                    
  3. Білімі                                                                                                          
  4. Жұмысы                                                                                                     
  5. Тұрғылықты мекені                                                                                   
  6. Отбасы құрамы туралы мәліметтер                                                           
  7. Отбасының (немесе отбасы мүшелерінің) немен жақсы атағы шыққан   
  8. Наградаларының, марапаттарының болуы мен түрлері                           
  9. Отбасының әрбір мүшесінің деректері:
  10.  Т.А.Ә.
  11.  Жасы 
  12.  Білімі 
  13.  Жұмысы                                                                                                                    
  14.  Тұрғылықты жері (мекенжайы және тел.)                                                 
  15.  Отбасы түрі (2-, 3-, 4-ұрпақ және т.с.с.)                                                                         
  16.  Отбасындағы балаларды тәрбиелеу ерекшелігі                                        
  17.  Ата-ананың қандай қасиеті тәрбиеге негіз болды                                                         
  1.  Отбасында қандай отбасылық дәстүрлер сақталған                                                    
  1.  Отбасылық қатынастар қандай қағидаттарға сүйенеді                                                 
  •  Ұстаздардың, педагогтердің, тәрбиешілердің ықпалы                             
  •  Отбасы өмірінен қызықты оқиғалар                                                                      
  •  Отбасылық фотосурет (электрондық нұсқасымен бірге).

Қолы

Күні

Заявка

для участия в Национальном конкурсе «Мерейлі отбасы»

Данные главы семьи (отца или матери):

  1. Ф.И.О.                                                                                                        
  2. Возраст__________________ Пол                                                           
  3. Образование                                                                                               
  4. Занятость                                                                                                    
  5. Местожительство                                                                                       
  6. Сведения о составе семьи                                                                          
  7. Чем прославилась семья (или члены семьи)                                              
  8. Наличие и виды наград, вознаграждений                                                 
  9. Данные каждого из членов семьи:
  10.  Ф.И.О.                                                                                                                    
  11.  Возраст                                                                                                                    
  12.  Образование                                                                                               
  13.  Занятость                                                                                                                   
  14.  Местожительство (адрес и тел.)                                                                
  15.  Вид семьи (2-, 3-, 4-поколенная и т.д.)                                                                       
  16.  Особенности воспитания детей в семье                                                    
  17.  Какие черты родителей легли в основу воспитания                                           
  1.  Какие семейные традиции сохранены в семье                                                     
  1.  На каких принципах строятся семейные отношения                                                
  •  Влияние наставников, педагогов, воспитателей                                                      
  •  Интересные истории из семейной жизни                                                                      
  •  Семейная фотография (вместе с электронной версией).

Подпись

Дата

_____________________