САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Мен 2 топтағы (мерзімсіз) мүгедекпін, БЖЗҚ- дан ай сайын төлемдер аламын. Алайда маған қазір емделу үшін ақша соншалықты қажет, сондықтан барлық жинақтарымды бірден ала аламын ба?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 30 және 31 баптарына сәйкес мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген бірінші және екінші топтағы жандар БЖЗҚ- дан (бар жағдайда) зейнетақы жинақтарын тек белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдері түрінде алуға құқылы.

Егер жеке зейнетақы шотындағы қалдық ай сайынғы кезекті төлем жүзеге асырылғаннан кейін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең  төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан аз болса, аталған қалдық кезекті төлем сомасымен бірге төленеді..

Егер зейнетақы жинақтарының сомасы алушы өтініш берген күні республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспайтын болса (2020 жылдың 1 сәуірінен бастап бұл сома 485 292 теңгені құрайды = 12 * 40 441) зейнетақы жинақтарын бір-ақ рет алуға болады.

БЖЗҚ-дан кесте бойынша берілетін зейнетақы төлемдері алушының өтініш берген күнінен бастап тағайындалып, зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін төленетіндігіне назар аударғымыз келеді. Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру Ережелерінде қарастырылған жағдаяттарды ескере отырып, БЖЗҚ белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қайта есептеуді жыл сайын дербес жүргізіп отырады.

Осы аталған жәйттарды ескере отырып, Сізге зейнетақы жинақтарының барлық сомасын біржола төлеуге БЖЗҚ-ның құқығы жоқ. Сондықтан зейнетақы төлемдері Сізге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп пен мөлшерде ай сайынғы негізде төленіп отыратын болады.