САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

«МЕНІҢ ТУЫМ – МЕНІҢ ОТАНЫМ!» АТТЫ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

«Nur  Otan» партиясының бастамасымен қолға алынған, барша Сарыағаштықтарды патриоттыққа және мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге шақыратын «Менің Туым – менің Отаным!» акциясы қаладағы «Алып» сауда қалашығында ұйымдастырылды. «Nur  Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының бірінші орынбасары және белсенді жастар, жасотандықтар, жас қызметкерлер мен аудан тұрғындары қатысты.

Салтанатты іс-шараны ашқан  «Nur  Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының бірінші орынбасары Қыстаубаев Құдірет Ибадуллаұлы акцияның негізгі мақсатына тоқталып, мемлекеттік рәміздердің құндылығын атап өтті. Ол өз сөзінде еліміздің мемлекеттік рәміздері тарихи өткенді, мәдени мұраны, лайықты болашаққа ұмтылысты бейнелейтінін, сондай-ақ Отанға деген сүйіспеншілік, абырой, борыш, еліміздің болашағы үшін жауапкершілік, мемлекетке құрмет секілді жалпы адамгершілік нормалар қалыптастыратындығын тілге тиек етті. Сондай-ақ, ауданның белсенді жастар барша Сарыағаштық жастарды «Менің Туым – менің Отаным!» акциясын қолдауға шақырып, патриоттық акцияға қолдау білдірді.

Іс-шара соңында жас әншілердің орындауында патриоттық әндер орындалды.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі