МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

15 маусым күні Сарыағаш қаласында орналасқан «Мамыр ата» спорт кешенінде «23 – маусым Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілер күнін» мерекелік іс-шараларға сәйкес мемлекеттік қызметшілер арасында «кіші футболдан» спартакиада өтті.
Спартакиаданың басты мақсаты салауатты өмір салтын насиxаттау, мемлекеттік қызметшілерді бұқаралық спортқа ат салыстыру және үздік ұжымдарды анықтау болып табылады.
Жарыста сөз алған аудан әкімі аппаратының басшысы Мұхит Досболов: «Ең алдымен, осы сәтті пайдалана отырып, барша мемлекеттік қызметкерлерді, келе жатқан кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекеттік қызметті жауапкершілікпен атқарып жүрген сіздерге бүгінгі жарыста жеңістер тілеймін»- дей отырып, өзінің ізгі ниеттерін жеткізді.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте: I орынды –  Көктерек ауылдық округ әкімі аппаратының командасы, II орынды Сарыағаш қаласы әкімінің аппараты командасы, III орынды – Жылға ауылдық округі әкімі аппаратының командасы жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудан әкімінің арнайы дипломдар және кубоктармен марапатталды.

(с) Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі