САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ САЛЫҒЫН EGOV ПОРТАЛЫНДА ТӨЛЕУГЕ БОЛАДЫ

  Сіз АХАЖ саласы қызметтері үшін мемлекеттік баж салығын eGov порталының өзінде төлеуге болатындығын білесіз бе?! Кассада кезек күтпей-ақ төлемді онлайн жасаңыз. Мысалы, eGov порталында «Отбасы» санатында сіз төмендегі құжаттарды алу үшін төлем жүргізе аласыз:• неке қию туралы куәлік
• тегі, аты, әкесінің атын ауыстыру туралы куәлік
• неке бұзу туралы куәлік

• әкелікті анықтау туралы куәлікті қайталап алу
• бала асырап алу/қыз асырап алу туралы куәлікті қайталап алу
• неке қию туралы куәлікті қайталап алу
• тегі, аты, әкесінің атын ауыстырғандығы туралы куәлікті қайталап алу
• туу туралы куәлікті қайталап алу

• неке қию туралы анықтама
• тегі, аты, әкесінің атын ауыстыру туралы анықтама
• неке бұзу туралы анықтама
• туу туралы анықтама
• қайтыс болуы туралы анықтамаТөлем банктік карталарыңыз арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік баж салығын шұғыл әрі қауіпсіз түрде төлеңіз. Игілігіңізге қолданыңыз!