САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

МАЛ ҰРЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін 6 қыркүйек күні аудан әкімі Мұхит Отаршиев Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Дәлбеков Қайрат Сұлтанбайұлымен бірге, Дербісек елді мекенінде орналасқан Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залында, аудан көлемінде мал ұрлығының алдын алу мақсатында жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. 

Кездесу барысында Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің бастығы  Нуралиев Ермек Серікбайұлының 2019 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есебі тыңдалды.

Сонымен қатар, аудан көлемінде орын алған мал ұрлығы қылмыстарының тергелу барысында атқарылған жұмыстар мен қабылданған іс-шаралардың нәтижелері бойынша және жалпы мал ұрлығы деректерінің алдын алу барысында атқарылатын профилактикалық жұмыстары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған кеңеске қатысқан жергілікті ауыл тұрғындарының сұрақтарына, толыққанды жауаптар берілді.  

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі