САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ЛЕКТОРЛЫҚ ТОП ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

2019 жылдың 27 маусым күні Сыбайлас жемқорлықтың профилактикалық бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізетін «Түркістан – адалдық алаңы» жобасы аясында құрылған лекторлық топ бекітілген кестеге сәйкес Көктерек кентінде болып, жергілікті тұрғындармен жиын өткізді.

Аталған жиында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен дайындалған арнайы бейнероликтер көрсетіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу, хабарлау, салдарын жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтау, мүдделер қақтығысын болғызбау және шешу бағыттары жөнінде айтылды.

(с) Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі