САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

«Халыққа көмек» бірыңғай әлеуметтік терезе» партиялық жобасы аясында «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы төрағасы М.Отаршиевтың  төрағалығымен  Жемісті және Жібек жолы ауылдық округтерінде көшпелі қоғамдық қабылдау өтті. Көшпелі қоғамдық қабылдауға «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев, облыстық мәслихат депутаты А.Салимов, аудандық мәслихат депутаттары Ш.Ибрагимов, Ж.Абдибаев, Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Б.Мирзалиев және дербес бөлім басшылары қатысты.

Жалпы Қоғамдық қабылдау барысында әлеуметтік желіде берілген хабарлама негізінде қабылдауға жазылған 10 тұрғын және қабылдау барысында қосымша келген 5 тұрғын жеке және ауылдық округ көлеміндегі шешімін таппай келе жатқан күрделі мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.

Атап айтқанда, Зортөбе елді мекеніндегі Яссауи және Абай көшелеріне асфальт салу, Жаңа тұрмыс елді мекені аумағынан өтетін Шымкент – Жетісай бағытындағы  А-15 автомобиль жолына жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір салу,  мүгедектігін ІІІ-топтан ІІ-топқа ауыстыру, «Жібек жолы» кеден бекеті маңындағы «Қазавтожол» ҰҚ теңгеріміндегі жер учаскелерін абаттандыру, Сарқырама елді мекенінде ескі электр жарығын жаңа электр жарығына ауыстыру, Жемісті елді мекеніне емхана салу, Тың елді мекеніне фелдьшерлік-акушерлік пункт салу, Жемісті елді мекеніне жаңа мектеп ғимаратын салу, Жемісті елді мекеніне ауыз сумен қамтамасыз ету жайлы өтініштерін айтты.

Кездесу барысында ауылдық округ тұрғындарының көтерген әртүрлі өзекті мәселелер бойынша аудан әкіміненен қажетті жауаптарын ала-алды.

Сонымен қатар, көтерілген мәселелерді толық әрі сапалы шешу бойынша аудан басшысы нақты тапсырмаларды жүктеді.

Аталмыш шараның негізгі мақсаты – билік пен халық арасындағы байланысты нығайту, тұрғындар арасында күнделікті шешімін таппай жүрген түйткілді мәселелердің оң шешімін табу.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі