САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

«КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЖАҢА ФОРМАТТАР» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

      9 қазан 2019 жылы Сарыағаш аудандық орталық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары мен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында Түркістан облыстық А.С.Пушкин атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы және Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітапхана қызметіндегі жаңа форматтар» тақырыбындағы аймақтық семинар өтті. 

Семинардың негізгі мақсаты: Сарыағаш аудандық орталық кітапханасы Түркістан облысы кітапханалары арасында озық үлгідегі,  инфрақұрылымы, материалдық – техникалық жағдайы заманауи талаптарға сай болғандықтан және жаңа форматтағы атқарылып жатқан жұмыстары арқылы  өзге аймақтық кітапханалармен іс-тәжірибе алмасу болып табылады.Семинарға Сарыағаш аудан әкімінің орынбасары М.Сейтімбетов, Түркістан облыстық А.С.Пушкин атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының, «Түркітілдес Халықтар» кітапханасы және Ы.Алтынсарин облыстық балалар кітапханасының директорлары мен  әдіскерлері, сонымен қатар Жетісай, Мақтарал, Шардара, Келес, Созақ, Бәйдібек, Сайрам, Арыс, Қазығұрт аудандық кітапханаларының директорлары және Сарыағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері қатысты. 

Семинар барысында озат еңбектері үшін  Сарыағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің алты қызметкерін марапаттады. Семинарға қатысушылар қысқа уақыт ішінде жаңа технологияларды қолданудың авторлық әдістерімен тәжірибе жүзінде танысуға мүмкіндік ала отырып, кітапхана  жұмысының жаңа түрлері және әдістері туралы  ақпараттарға қанық болды. Аудандық мәдениет үйінің этно – фольклорлық ансамблі келген қонақтарға концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.

 (с) Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі